Алматы облысында құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Арнайы операция барысында үш адам ұсталды. Олар жалға алған үйдің аумағында жүргізілген тінту барысында қарасора өсіруге арналған ауданы 10 соттық жылыжай табылды.
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 900 килограмды құрады.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
- 2025 жылдың басынан бастап заңсыз айналымнан екі тоннадан астам есірткі, оның ішінде 120 кг синтетикалық есірткі, 600 грамм кокаин және 140 кг-нан астам гашиш тәркіленді. Есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.