Кентауда компания 253 жұмысшының жалақысын төлемеген

Түркістан облысының прокуратурасы жұмысшылардың құқығын қорғады.

Кентауда компания 253 жұмысшының жалақысын төлемеген
istockphoto.com
Автор
Админ
175

Кентау қаласында «Эм-Холдинг» ЖШС-нің 2024 жылдың желтоқсан айында 253 жұмысшыға 111,8 млн теңге жалақы төлемеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Компанияның қарызын еңбек заңнамасының сақталуына тексеріс жүргізген Прокуратура анықтады.

Жұмысшылардың конституциялық құқықтары қалпына келтіріліп, еңбекақысы төленді.

Заң бұзған ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Серіктес жаңалықтары