Жетісуда пара алған департамент басшысы ұсталды

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Жетісуда пара алған департамент басшысы ұсталды
istockphoto.com
Автор
Админ
851

Жетісу облысының Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шенеунік 2025 жылға арналған электр энергиясының тарифі мен тарифтік сметасын көтергені үшін «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ басшысынан 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктеліп отыр.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары