Жетісу облысында көпірді су шайып кетті

Жансүгіров-Матай тасжолының 34-шақырымында су өткелі тозуына байланысты темірбетон құбыры мен жол төсемінің бір бөлігі опырылған.

Жетісу облысында  көпірді су шайып кетті
ТЖМ
150

Жетісу облысы Ақсу ауданында Жансүгіров-Матай тасжолының 34-шақырымында қираған жол учаскесі қалпына келтірілді.

Су өткелі тозуына байланысты темірбетон құбыры мен жол төсемінің бір бөлігі опырылған. Салдарынан көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

«Жергілікті полиция қоршау белгілерін орнатты, ал ЖАО мен жол қызметінің күштері ТЖД үйлестіруімен жедел жөндеу жұмыстарын жүргізді: құбыр өткелін төсеп, топырақ толтырып, нығыздады», - деп жазылған хабарламада.

Қозғалыс қысқа мерзімде қалпына келтірілген. Қазір су транзитпен өтіп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары