Сотта олар кінәсін толық мойындап, жасаған істеріне өкініш білдірді.
Мазмұны
Астанада екі азамат жолды бөлісе алмай, жолдың қақ ортасында төбелескені үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сотта олар кінәсін толық мойындап, жасаған істеріне өкініш білдірді.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оларды қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әкімшілік жаза тағайындады. Әрқайсы 10 тәулікке қамалды.
Сот әкімшілік жазаны қоғамға теріс әсер ететін және құрметсіздік көрсетуге бағытталған, орынсыз мінез-құлық ретінде көрсетіліп, жасалған іс-әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып тағайындады.