Құмар ойынға салынған мемлекеттік қызметкерлер жұмысынан босатылды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары тексеріс жүргізіп, осындай фактілерді анықтады.

Құмар ойынға салынған мемлекеттік қызметкерлер жұмысынан босатылды
istockphoto.com
Автор
Админ
154

Былтыр шілдеде Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы» заңына толықтырулар енгізіліп, соған сәйкес мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар ойнауға тыйым салынған болатын.

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары тексеріс жүргізіп, осындай фактілерді анықтады.

Ақжар ауданы әкімдігінің құрылыс және сәулет бөлімінің бас маманы «1XBET» букмекерлік кеңсесінде жүйелі түрде бәс тіккен.

 Ұялы ауылдық округі әкімі аппаратының және Ақжар ауданының білім бөлімінің бас мамандары да осындай бұзушылыққа жол берген.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жоғарыда аталған лауазымды адамдар жұмыстан босатылды.

 

 

Серіктес жаңалықтары