«Asar Baspana» қаржы пирамидасы туралы тың деректер анықталды

Туғанбаев пен оның серіктестері 3,8 млрд теңге қаражатты заңсыз иеленген.

«Asar Baspana» қаржы пирамидасы туралы тың деректер анықталды
ҚМА
201

Қаржы мониторингі агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен тұтыну кооперативі атын жамылған "Asar Baspana" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. 

Тергеу барысында Туғанбаев Н.М. бастаған пирамида ұйымдастырушылары, 86 мыңнан астам азаматтан 12,4 млрд теңге тартқан, есесіне ай сайын 30%-ға дейін табыс уәде еткен.

Шын мәнінде, нақты бизнес болмаған, төлемдер жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған.

Нәтижесінде Туғанбаев пен оның серіктестері 3,8 млрд теңге қаражатты заңсыз иеленген.

Күдіктілер салымшыларды адастырып, Алматы қаласында құрылыс материалдарын өндіру, тігін цехы мен тұрмыстық және медициналық техника зауыты жұмыс істеп жатқандығын мәлімдеген. Шындығында, өнімдер үшінші тарап жеткізушілерінен сатып алынып"Asar Baspana" логотипімен таңбаланған, - делінген ҚМА баспасөз қызметі

2024 жылы желтоқсан айынан бастап, пирамидаға деген сенім азая бастаған кезде, ұйымдастырушылар автосалон ашып, ресми дилерлермен әріптестік орнаттық деген жалған ақпарат таратқан. Шын мәнінде, автокөліктер салымшылардың ақшасына сатып алынып Туғанбаевтың туыстарына рәсімделген.

Пирамиданы әшкере қылатын жағдайлар туындаған тұста, Туғанбаев Н.М. 8 ақпан күні "Asar Baspana" сайтын техникалық режимге ауыстырған. Бұл қылмыстық әрекетті жасыру мақсатында жасалды.

Серіктес жаңалықтары