ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

Ведомство көктайғақ кезінде келесі ережелерді сақтауға шақырды.

ТЖД алматылықтарға ескерту жасады
Istockphoto
175

Алматы қаласында 11 наурызда ауа райы бұзылады. Синоптиктер тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжап отыр.

"Алматы қ. ТЖД № 9 Қазгидромет дауылды ескертудің негізінде Алматы қаласында 11науырызда түнде және таң ертең тұман, көктайғақ күтілетіні туралы хабарлайды",- делінген ақпаратта. 

Сондай-ақ, ведомство көктайғақ кезінде келесі ережелерді сақтауға шақырды:

  • Қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізу күрт нашарлайды, жүргізуші көлікті бақылай алмай қалуы мүмкін, сондықтан жолдан асықпай өту керек.
  • Көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда кесіп өту керек;
  • Абай болыңыз, әсіресе жолдан өткен кезде, сыртқы заттарға алаңдамаңыз;
  • Әрқашан аяқ астына қараңыз;
  • Аяқ-киімді дұрыс таңдаңыз. Аяқ-киімнің кедір-бұдырлы өрнегі бар, тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табаны болуы тиіс;
  • Қолыңызды қалтаңызға салмаңыз, себебі мұзда тепе-теңдікті сақтауыңыз керек;
  • Тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре беріс, тіпті өз үйіңіздің кіреберісі – адамдар жиі құлайтын орны. Сондықтан бұл ретте де сақ болыңыз.

Серіктес жаңалықтары