сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне алғыс айтты

/
Instagram
Ол жақын арада бейнебаянның екінші бөлімін аяқтайтынын айтты.

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген мереке қарсаңында тыңдармандарына жол тартқан жаңа туындысының қараламы көбейіп жатқанына байланысты алғыс білдірді. 

 «Жаңа бейнебаяныма қолдау көрсеткен барша жанкүйерлеріме алғыс айтқым келеді. Пікірлерге қарағанда, менің шетелдік тыңдармандарымның белсенділігінің арқасында жаңа бейнебаянымыздың таралымы мен қаралымы көбейіп жатыр», — деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.  

Сондай-ақ, жақын арада бейнебаянның екінші бөлімін аяқтайтынын айтты. 

«Жақын достарыма @llightproduction жасаған жұмыстарыңыз үшін алғысымды айтамын», — деді Димаш.

Бөлісу: