9 наурызға арналған ауа райы болжамы

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ күтіледі

9 наурызға арналған ауа райы болжамы
istockphoto.com
378

«Қазгидромет» РМК еліміздегі 9 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағында солтүстік-батыс циклонының әсері сақталып, соның салдарынан тұрақсыз ауа райы күтіледі. Ел бойынша жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, ал оңтүстік және шығыс өңірлерде жауын-шашын қарқынды болады.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, жел күшейіп, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда боран соғады. Жамбыл облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 30 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары