сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Ақтөбеде көлік ұрлап кеткен ер адам ағашқа соғылды

/
istockphoto.com
Көлік ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Ақтөбеде көлік ұрлап, ағашқа соғылған ер адам ұсталды.

“Мой город” басылымының мәліметінше, оқиға Ақжар-2 тұрғын алабында болған. Жеке үйдің ауласынан Hyundai Elantra маркалы көлік ұрланған. Көлік иесінің айтуынша, кілт оталдыру құлыбында болған.

Қылмыс туралы хабар алғаннан кейін полиция қызметкерлері дереу ұрланған көлікті іздеуге кірісті және оны көп ұзамай көршілес кварталдан тапты. Қуғын кезінде күдікті қашып кетуге тырысқан, алайда рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылды. Ол оқиға орнында ұсталды.

Сараптама нәтижесінде күдіктінің есірткі әсерінде болғаны анықталды. Ол әрі қарай тергеу жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Көлік ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу: