Ауа райына байланысты 4 облыста көлік қозғалысы шектелді

8 наурыз күні сағат 18:00–дегі жағдай бойынша мәлімет белгілі болды

Ауа райына байланысты 4 облыста көлік қозғалысы шектелді
istockphoto.com
298

Ауа райына байланысты 4 облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.

Мәлімет бойынша, 8 наурыз күні сағат 18:00–дегі жағдай бойынша 4 облыстағы 4 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Атырау облысы:

— «Атырау-Орал» автожолының 5-62 шақырым аралығы (Атырау қаласы — Махамбет ауылы);

Жетісу облысы:

— «Сарызек-Көктал» автожолының 45-68 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Алтын Емел асуы);

Қостанай облысы:

— «Жезқазған-Арқалық-Петропавловск» автожолының 252-340 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ұлытау облысы шекарасы — Арқалық қаласы);

Ұлытау облысы:

— «Жезқазған-Арқалық-Петропавловск» автожолының 137-252 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ұлытау ауылы — Қостанай облысы шекарасы).

Серіктес жаңалықтары