Гимнасшы Милад Карими әлем кубогі кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

Карими еркін жаттығуларда екінші нәтиже көрсетті

Гимнасшы Милад Карими әлем кубогі кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
ҰОК
304

Қазақстандық гимнасшы Милад Карими Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Карими еркін жаттығуларда екінші нәтиже көрсетті. Финалда ол 14,300 ұпай жинап, күміс медальға ие болды.

Жарыста беларусьтік Егор Шарамков (14,600) жеңіске жетті, ал үздік үштікті украиналық Назар Чепурный (13,633) түйіндеді.

Айта кетейік, Милад кермедегі жаттығудың финалына да қатысады.

Серіктес жаңалықтары