Әуежайда ерлік жасаған Мұса Әбдірайым Бүкіләлемдік бокс кеңесінің елшісі болды

/
Әуежайда ерлік жасаған Мұса Әбдірайым Бүкіләлемдік бокс кеңесінің елшісі болды
Видеодан алынған кадр
Хосе Сулейман Мұса Әбдірайыммен телефон арқылы сөйлесіп, оның іс-әрекетін жоғары бағалады

Әуежайда ерлік жасаған Мұса Әбдірайым Бүкіләлемдік бокс кеңесінің елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы WBC ұйымының президенті Хосе Сулейман әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Хосе Сулейман Мұса Әбдірайыммен телефон арқылы сөйлесіп, оның іс-әрекетін жоғары бағалады.

Сонымен қатар оны ресми түрде ұйымның бейбітшілік елшісі деп жариялады.

"Мен онымен қатар тұрғанымды мақтан тұтамын. Спорт үшін ғана емес, адамзат үшін нағыз батыр", - деді ұйым басшысы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары