Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз болады

/
Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз болады
istockphoto.com
Көктем келсе де солтүстік-батыс циклондары Қазақстанның бүкіл аумағына әсер етіп жатыр.

Қазгидромет синоптиктері 8-10 наурыз күндері ауа-райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Метеорологтардың айтуынша көктем келсе де солтүстік-батыс циклондары Қазақстанның бүкіл аумағына әсер етіп жатыр. Соның себебінен қар жауып, көктайғақ болып, жаңбыр жауып, жел күшеюде.

«9 наурызда батыстан антициклон келіп, күн жылып, жауын-шашын тоқтайды. 10 наурызда солтүстік өңірлерде түнде 12-20 градусқа дейін аяз болады», - делінген хабарламада.

Бөлісу: