Шұғыл: Атырау облысында жарылыс болды
Кен орнындағы оқиғадан мұнайшылар зардап шекпеген

Атырау облысындағы Батыс Прорва кен орнындағы №437 ұңғымада газ атқылады. Қазір ұңғыма аумағы қоршалған.
«Ембімұнайгаз» Ақ баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 6 наурызда Жылыой ауданында болған.
– «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Батыс Прорва кен алаңындағы №37 ұңғымада перфорациядан кейін сорапты-компрессорлық құбырды түсіру кезінде газ атқылады. Соның салдарынан сораптық-компрессорлық құбыр істен шықты, - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Кен орнындағы оқиғадан мұнайшылар зардап шекпеген.
– «Ембімұнайгаз» АҚ-да жедел штабы құрылып, шұғыл шараларды жүргізуді қолға алды. Кен орнындағы ұңғыманың аумағы қоршалды. Ақауды қалыпқа келтіру жұмыстары басталды, - деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметінен.
Оқиға орнында «Ақ Берен», «Семсер Өрт сөндіруші», «СОП Атырау» ЖШС мамандары жұмыс істеп жатыр.