689
Қарағанды облысында екі есепші 15 жыл бойы өздеріне заңсыз ақша аударып келген
Қазақстан Бас прокуратурасы мәлімдеме жасады.

Қарағанды облысының білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық фактісі анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Қарағанды облысының прокуратурасы «№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізген.
«Тексеріс барысында аталған мекеменің екі есепшісінің 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғандығы анықталды. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты», - деп жазылған Бас прокуратура таратқан хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.