Елордада жүк көлігі оқушыны басып кетті

Баланы қағып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Елордада жүк көлігі оқушыны басып кетті
213

Астанада оқушыны көлік қағып кету оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

«Бейсекбаев көшесімен келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі Кенесары көшесінің қиылысында бұрылу кезінде, бағдаршамда белгіленген жолақтан жолды кесіп өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды. Жаяу жүргінші бағдаршамның рұқсат етілген белгісі жанған кезде өтіп бара жатқан. Алған жарақатының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдаладыә, — делінген Полиция департаменті мәліметінде.

Баланы қағып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында Алынған жарақаттар салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалуда.

Серіктес жаңалықтары