217
Статистика: Қазақстанда педагогтердің 82,1 пайызы – әйелдер
Қазақстанның білім беру саласында 484 788 педагог-әйел жұмыс істейді.

Қазақстанда педагогтердің 82,1 пайызы — әйелдер. Бұл туралы Оқу ағарту министрлігі мәлім етті.
Қазақстанның білім беру саласында 484 788 педагог-әйел жұмыс істейді.
Олардың ішінде:
- 100 750 — мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;
- 334 641 — орта білім беру ұйымдарында;
- 2 444 — түзету-білім беру ұйымдарында;
- 13 113 — қосымша білім беру ұйымдарында;
- 29 025 — техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында;
- 3 815 — арнайы білім беру ұйымдарында.