Солтүстік Қазақстанда 125 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Ақжар, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушылары 34 жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.

Солтүстік Қазақстанда 125 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
istockphoto.com
209

Прокуратура органдары жалпы ауданы 125 мың гектардан асатын 34 жер учаскесін мақсатына сай пайдаланылмағанын анықтады.

«Ақжар, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 34 жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.

Қадағалау актілері бойынша жалпы ауданы 8,3 мың гектардан асатын, кадастрлық құны 95,7 миллион теңгеболатын 8 жер учаскесі қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылып жатыр.

Қалған жер учаскелері бойынша оларды қайтару жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы шеңберінде ауылдық жерде тұратын адал ниетті субъектілерге қайтарылған жерлерді пайдалануға беруге бағдарланған.

Серіктес жаңалықтары