Мемлекеттік қызметшілер БАҚ-тың кәсіби қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс – Аида Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мәжіліс қабырғасында болған келеңсіз жағдайға қатысты түсінік берді.

Мемлекеттік қызметшілер БАҚ-тың кәсіби қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс – Аида Балаева
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Автор
Админ
181

Министрлік бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстарды күшейтеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.

«Құрметті әріптестер! Журналистер мен мемлекеттік органдардың өзара тиімді жұмысы қоғамның негізгі құқықтарының бірі – объективті ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету. Алайда, осы бірлескен жұмыс кезінде кез келген өркениетті қоғамда басты қағидаттардың бірі саналатын  сыйластық, этика және мәдени қарым-қатынас толық сақтала бермейді.

Мәжіліс қабырғасында журналист Мадина Жатқанбаеваға қатысты болған жағдай, өкінішке қарай, аккредитация ережелерінің сақталмауы мен Премьер-Министрдің орынбасарының баспасөз хатшысының әрекетіне байланысты туындады.

Мемлекеттік органдар ұйымдастыратын іс-шараларда журналистер белгіленген аккредитация талаптары мен регламентті қатаң сақтау қажет екенін естен шығармағаны жөн.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер де бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне құрметпен қарап, олардың кәсіби қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс.

Министрлік мемлекеттік органдардың барлық баспасөз қызметтерімен бірлескен жиын ұйымдастырып, бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстарды күшейтеді. Сонымен қатар, бұл бағытта Ақпарат комитеті де конструктивті диалог орнату бойынша жұмыстарды жандандырады.

Серіктес жаңалықтары