сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Мұрат Нұртілеу Кипрге ресми сапармен барды

/
СІМ
Сұхбаттастар екі елдің астаналарында елшіліктердің өзара ашылуын құптады.

Кипр тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Кипр Республикасына алғашқы ресми сапармен барды.

ҚР Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Кипр Президенті Никос Христодулидистің қабылдауында болды. Кездесу барысында соңғы уақытта қол жеткізілген екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейі және оны одан әрі нығайтуға деген көзқарас аталып өтті.

Сұхбаттастар екі елдің астаналарында елшіліктердің өзара ашылуын құптады, бұл түрлі салаларда серіктестіктің жаңа мүмкіндіктерін құру үшін маңызды қадам болды.

Тараптар сондай-ақ сауда, көлік, цифрландыру және туризм салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларының бар екенін растады. Сонымен қатар жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері туралы пікір алмасты.

Бөлісу: