Елордалық спортшылар көркем жүзуден Әлем кубогінде алтын жүлде алды

Байрақты бәсекеге әлемнің 22 елінен 167 спортшы қатысты.

Елордалық спортшылар көркем жүзуден Әлем кубогінде алтын жүлде алды
Астана әкімдігі
165

Франция астанасы Парижде көркем жүзуден жылдың алғашқы Әлем Кубогы өз мәресіне жетті.

Бұл беделді жарыста Астана қаласының спортшылары жасөспірімдер арасындағы командалық еркін бағдарлама бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді. Команда сапында Ирина Говорухина, Ирада Исламова, Ясмина Исламова, Мақпал Калмурзаева, Альбина Өмірсерікқызы мен Алдияр Рамазанов өнер көрсетті.

Осыған дейін де Астана спортшылары жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жекелеген бағдарламаларда жүлделі орындарға ие болды. Артур Майданов пен Валерия Столбунова жұбы, сондай-ақ Эдуард Ким тамаша өнер көрсетіп, күміс медаль еншіледі.

Байрақты бәсекеге әлемнің 22 елінен 167 спортшы қатысты.

Серіктес жаңалықтары