дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

«AMANAT»: Қала тұрғындарының қауіпсіздігі – басты назарда

/
«AMANAT» партиясы
Іс-шараның негізгі мақсаты – мониторинг арқылы ақпарат жинап, тиісті мекемелерге жолдау, сондай-ақ жаз мезгілінде балалар мен ересектер арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу.

Мазмұны

    «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты республика көлемінде «Қауіпсіз қала» акциясын өткізіп жатыр. Игі іс-шара төтенше жағдайлар қызметі және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асуда. 

    Акция басталғаннан бері аймақтарда ашық кәріз құдықтары, жабдықталмаған шомылу орындары, тұрғын үйлердің шатырларының қауіпсіздігіне мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 100-ден астам құқық бұзушылық фактісі анықталды.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – мониторинг арқылы ақпарат жинап, тиісті мекемелерге жолдау, сондай-ақ жаз мезгілінде балалар мен ересектер арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу. 

    «Қауіпсіз қала» акциясы, ең алдымен, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. «Жастар Рухы» әлеуметтік мәселелерді шешуде әрдайым белсенділік танытады. Акция барысында ашық люктер, аулалардың жарықтандырылуы, тұрмыстық газ баллондарының дұрыс орналасуы тексеріліп, кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына қатысты рейдтер жүргізілуде. Аймақтарда болған келеңсіз оқиғаларды ескере отырып, мұндай шаралардың оң нәтиже беретініне сенеміз. Мониторинг қорытындысы бойынша тиісті органдарға арнайы ұсыным хаттар жолданады», – деді «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова.

    Сонымен қатар жастар ұйымының өкілдері ата-аналарды сақтық шараларын күшейтуге, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырып, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Айта кетейік, «Қауіпсіз қала» акциясы жыл бойы жалғасады.

    Бөлісу: