Ветеринарлар Көптоғай ауыл округіндегі қожалыққа ғана әзірге шектеу шараларын қойған.
Ақтөбе облысындағы шаруа қожалығының бірінде ірі қарадан қарасан ауруы шығып, карантин жарияланды. Бұл туралы turkystan.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
Ойыл ауданындағы шаруа қожалының бірінде сиырлардан қаупті вирус табылған.
Ветеринарлар Көптоғай ауыл округіндегі қожалыққа ғана әзірге шектеу шараларын қойған. Бұл қыстаққа мал кіргізіп-шығаруға тыйым салынды. Күйдіргі жұқтырған төрт сиыр бірден арам қатқан. Бұл қауіпті індет тек ірі қарада ғана кездеседі. Қарасан анықталған «Мәтжат» қожалығында қазір қырықтан аса аша тұяқты бар. Оны қорадан шығармай қамап ұстап отыр.
«Карантин жарияланды. Бүгінде эпидемияға қарсы мемлекеттік мекеме сауықтыру шараларын жүргізіп жатыр. Ауру белгілері: үш айдан үш жасқа дейінгі мал, яғни жас мал ауырады», – деді Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бердімұрат Бекжанов.