Маңғыстау облысында ер адамды пойыз басып кетті

Оқиғаның алдын ала себебі – жәбірленушінің қауіпсіздік ережесін сақтамай, рұқсат етілмеген жерден теміржолды кесіп өтуі.

Маңғыстау облысында ер адамды пойыз басып кетті
istockphoto.com
210

28 ақпан күні сағат 21:46-да Боранқұл станциясында оқыс оқиға болып, пойыз ер адамды басып кетті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Оқиғаның алдын ала себебі – жәбірленушінің қауіпсіздік ережесін сақтамай, рұқсат етілмеген жерден теміржолды кесіп өтуі.

«Ер адам Бейнеу стансасының аудандық ауруханасына жеткізілді. Оқиға туралы ақпарат Маңғыстау стансасының желілік полиция бөліміне берілді. ҚТЖ теміржол қауіпті аймақ екенін еске салады», – делінген хабарламада.

ҚТЖ мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында теміржолда 10 адамды қағып кету жағдайы тіркелсе, оның 4-і мас күйде болған. Ал 2024 жылы 75 қайғылы оқиға тіркелген.

Негізгі себеп – теміржол арқылы өту ережесін бұзу, мас күйде болу, таңдауышты пайдалану және теміржол маңында немқұрайлылық таныту.

Серіктес жаңалықтары