дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

Аяз, қар және тұман: Қазақстанның қай облыстарында дауылды ескерту жарияланды

/
istockphoto.com
Ертең ауа райы қандай болады?

Мазмұны

    “Қазгидромет” мәліметінше, 3 наурызда Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

    Қарағанды облысының батысында түнде аздаған қар жауып, күндіз облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде қар мен боран күтіледі. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі. Желдің жылдамдығы күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан 15-18 м/с дейін күшейеді.

    Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында тұман күтіледі. Атырау қаласында да тұман түсуі мүмкін.
    Ақмола облысының шығысында тұман болжануда.

    Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және орталығында түнде қар, көктайғақ, ал солтүстік-шығысында боран, тұман күтіледі. Солтүстік және солтүстік-батыс желі соғып, түнде батыс пен орталықта 15-20 м/с жетуі мүмкін. Солтүстік-шығыста түнде қатты аяз – 20-22 градус болады. Ақтауда түнде қар жауып, боран соғады, жолдарда көктайғақ күтіледі.

    Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, шығысында және орталығында тұман күтіледі.

    Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

    Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде тұман болжануда.

    Қызылорда облысының солтүстігі, шығысы және орталығында түнде қар жауып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Осы аумақтарда тұман, көктайғақ, боран болуы мүмкін. Оңтүстік-батыс желі соғып, күндіз облыстың орталығы мен шығысында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қызылорда қаласында түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Тұман, көктайғақ, боран күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

    Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында жаңбыр, қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. Осы аудандарда тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ал облыстың солтүстігі мен шығысында күндіз 23-28 м/с дейін күшеюі ықтимал. Алматы қаласында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Қонаев қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

    Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қар, күндіз кей жерлерде қатты қар, боран күтіледі. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады.

    Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыс, шығыс желі соғып, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

    Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман болжануда. Өскемен қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Түркістан облысында жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстігінде және таулы аудандарда түнде және таңертең қатты жаңбыр мен қар жауады. Батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман болжануда. Оңтүстік-батыс желі соғып, солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында жылдамдығы 15-20 м/с, ал таулы асуларда 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін. Шымкент қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, түнде және таңертең қатты жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Түркістан қаласында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болжануда. Оңтүстік-батыс желі соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

    Павлодар облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Жетісу облысының батысында, орталығында және таулы аймақтарында тұман болжануда. Солтүстік-шығыс желі соғып, облыстың шығысында, орталығында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с жетуі мүмкін. Талдықорған қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыс желінің екпіні күндіз 15-20 м/с жетуі ықтимал.

    Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында қар жауады, күндіз солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, ал таулы аймақтарда қар жауып, боран болады. Солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман мен көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысып, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Тараз қаласында түнде қар жауады, күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Кей уақыттарда тұман мен көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, таңертең және күндіз жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с дейін күшеюі мүмкін.

    Бөлісу: