Талғарда 20 жастағы қыз жоғалып кеткен

2006 жылы туған Сабина Уәлиева 14 ақпанда үйінен шығып, қайтып оралмаған

Талғарда 20 жастағы қыз жоғалып кеткен
instagram/volontery_almaty_lider.kz
457

Талғарда 20 жастағы қыз жоғалып кетті, оны жарты айдан бері таба алмай жатыр. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында хабарлады.

2006 жылы туған Сабина Нұрбекқызы Уәлиева 14 ақпанда үйінен шығып, қайтып оралмаған. Ол Абай көшесі, 75а мекенжайынан шыққаннан кейін байланысқа шықпаған.

Белгілері: бойы 150-155 см, дене бітімі арықша, шашы қара, каре үлгісінде, көздері қоңыр.

Киім ерекшеліктері: қара түсті капюшоны бар күртке (төменгі бөлігі ақ және гүлді өрнекті), сұр джинсы, ақ кроссовкалар. Қолында рюкзагы болған.

Серіктес жаңалықтары