Қазақстанда телеарналар мен радиолардың жұмысы уақытша тоқтайды

«Қазтелерадио» жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізетіні туралы хабарлаған.

Қазақстанда телеарналар мен радиолардың жұмысы уақытша тоқтайды
Сурет: istockphoto.com
133

Қазақстандағы телеарналар мен радиостанциялардың тыңдаушылары мен көрермендеріне 5 наурыз, сәрсенбі күні «Қазтелерадио» профилактикалық жұмыстардың болатынын ескертті, деп хабарлады turkystan.kz.

«Сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарын өшіру арқылы жоспарлы профилактикалық жұмыстар атқарылады. Осы кезеңде еліміздің барлық теле-радиоарналарын тарату уақытша тоқтатылады», – деп хабарланды.

«Қазтелерадио» АҚ бұл жұмыстардың сервистерді өшіру арқылы тоқсан сайын үздіксіз әрі сапалы теле-радио хабар тарату қызметін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары