Қазіргі уақытта қаладағы 28 ғимарат қалпына келтіруге жарамды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бүгінде көп қабатты тұрғын үйдің екеуінде қалпына келтіру жұмысы жүргізілуде. Алдағы уақытта тағы екі тұрғын үйдің құрылысы басталады.
2020 жылдан бері қалада 4 көп пәтерлі тұрғын үй қалпына келтірілді. Жаңғырған екі қабатты бір ғимарат Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйі ретінде жұмыс істемек.
«Қаламыз дамып келеді. Әрбір жаңа жоба - тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Тозығы жеткен ғимараттарды қалпына келтіру жұмысын жалғастырып жатырмыз. Бұл қаланың келбетін жақсартып қана қоймай, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға үлес қосады», – деді Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдірәлиев.