WhatsApp арқылы танысын тілдеген азаматқа 500 мың теңге айыппұл салынды

Ол жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиіскен.

WhatsApp арқылы танысын тілдеген азаматқа 500 мың теңге айыппұл салынды
istockphoto.com
Автор
Админ
118

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қорлау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2024 жылғы 8 қыркүйек пен 20 қазан аралығында сотталушы К. «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы М.-ға мәтіндік және аудио хабарламалар жіберген. Онда бейәдеп сөздер айтып, М-ды  әдепсіз түрде қорлап, осылайша оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиіскен.

Жәбірленуші сотта моральдық зиян үшін 150 000 теңге, өкілдік шығыстарына 250 000 теңге, сондай-ақ психологиялық-филологиялық сараптама жүргізуге 130 000 теңге мөлшерінде іс жүргізу шығындарын өндіруді сұрады.

Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оған 20 АЕК мөлшерінде (73 840 теңге сомасында) айыппұл салды.

Сондай-ақ жәбірленушінің пайдасына моральдық зиян үшін 100 000 теңге, өкілдік шығыстарына 250 000 теңге, сараптама жүргізуге 130 000 теңге өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Серіктес жаңалықтары