88
Астанада интернет алаяқтар ұсталды
Қазір тергеу жүріп жатыр.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Елордада ұялы байланыс арқылы алаяқтықпен айналысқан Ресей Федерациясының екі азаматын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тінту барысында күдіктілерден республика аумағында интернет-алаяқтық жасау үшін пайдаланылған виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге арналған 2 SIM-box құрылғысы, қазақстандық мобильді операторлардың 2 мыңнан астам SIM-карта, ноутбуктер, роутерлер, пайдаланушылардың нақты орналасқан жерін жасыруға мүмкіндік беретін маршрутизаторлар табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша көліктегі полиция департаментінде қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.