88
Қарағандыда заңсыз көші-қон ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Облыс прокуратурасы шетелдіктерге уақытша тұруға 700-ден астам рұқсатты заңсыз берген қылмыстық топтың қызметін әшкереледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қылмыстық топтың құрамында ХҚКО, медициналық мекемелердің қызметкерлері және «көмекшілер» деп аталатын тұлғалар болған.
Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін істің өзге мән-жайы жарияланбайды.