Көкшетауда жүкті әйел тубдиспансерде қайтыс болды

Әйел жүктілігінің бес айында туберкулезбен ауырғанымен, ұзақ уақыт тексерілмеген.

Көкшетауда жүкті әйел тубдиспансерде қайтыс болды
Istockphoto
184

Көкшетаудағы туберкулезге қарсы диспансерде Степногорск қаласының 24 жастағы тұрғыны көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
 

Әйел жүктілігінің бес айында туберкулезбен ауырғанымен, ұзақ уақыт тексерілмеген. Қаңтарда ол ауруханаға жатқызылды. Бірақ туыстары келген соң емделуден бас тартып, қолхат жазып үйіне кеткен.

Екі күннен кейін науқас ауыр халде оралды, бірақ оны құтқару мүмкін болмады.

Серіктес жаңалықтары