80
Алматыда онкологиямен ауыратын науқастар тиісті жәрдемақысын алмаған
Қадағалау актісі бойынша қалалық емханалардың 9 басшысы тәртіптік жауапқа тартылды, 8 пациентке І-топ мүгедектігі берілді.

Алматыда онкологиялық науқастарды әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырған емхана басшылары жауапқа тартылды.
Алматы прокуратурасының мәліметінше, онкологиямен ауыратын науқастар жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырылған.
«Қала прокуратурасы мүгедектігін анықтау үшін онкологиялық аурумен ауыратын науқастарды, ағзасында функцияларының тұрақты түрде бұзылғаны бола тұра, оларды медициналық ұйымдарға жібермегендерді жауапқа тартты», - деп хабарлады прокуратурадан.
Қадағалау актісі бойынша қалалық емханалардың 9 басшысы тәртіптік жауапқа тартылды, 8 пациентке І-топ мүгедектігі берілді.