2029 жылға дейін теміржолдардың 11 мың шақырымында күрделі жөндеу жүргізілмек

Қазақстанда 300-ге жуық вагон операторы жұмыс істеп жатыр.

2029 жылға дейін теміржолдардың 11 мың шақырымында күрделі жөндеу жүргізілмек
istockphoto.com
Автор
Админ
158

Жөндеу жұмыстарының жоспары бойынша 2023-24 жылдары 2800 шақырымы осы  жұмыспен қамтылды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов хабарлады. Оның айтуынша, елімізде 1800-ге жуық локомотив қолданыста, биыл 200 локомотив алынады. Қазақстанда 300-ге жуық вагон операторы жұмыс істеп жатыр және 140 мың жүк вагоны тіркелген. 

«Былтыр қосымша 2350 жүк вагоны сатып алынса, биыл да сол мөлшерде жоспарлануда және жүк вагондары Қазақстанда толығымен жеткілікті болады», - деді спикер ОКҚ баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, көршілес елдермен теміржол түйіспелерінде пойыздарды өткізу қабілетін арттыру, ішкі терминалдық желіні дамыту, Қазақстанның шетелдегі жүк қалыптастыру нүктелеріндегі географиясын кеңейту бойынша шаралар қабылдануда.

Серіктес жаңалықтары