487
Меркіде ер адам біреудің үйінен тойбастар мен қазы ұрлап кеткен
Күдікті қазір ұсталған.

Жамбыл облысында 39 жастағы ер адам бөтен біреудің үйіне ұрлыққа түсіп, біраз дүниесін ұрлап кеткен, деп жазады turkystan.kz.
«Ер адам тұрғын үйдің пластик есігін бұзып кіріп, алтын әшекейлер, ноутбук, басқа да құнды заттарды қолды қылған. Сондай-ақ қоймалардың бірінен қазы, қонақтарға арналған тойбастарды да алып кеткен», - деді Жамбыл облысының Полиция департаменті.
Аталған факті бойынша «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі қылмыстық тергеу басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.