Тараздағы сауда орталығынан екі мыңға жуық адам шұғыл эвакуацияланды

/
Тараздағы сауда орталығынан екі мыңға жуық адам шұғыл эвакуацияланды
istockphoto.com
Қазір бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Желіде Тараз қаласындағы сауда орталықтарының біріне бомба қойылғаны туралы ақпарат тарап кетті.

Оқиға орнынан түсірілген видео жергілікті пабликтердің бірінде жарияланды. Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.

Құқық қорғау органдары сауда орталығынан екі мыңға жуық адамды эвакуациялады. Тексеру нәтижесінде ақпарат жалған болып шықты. Қазір бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Жамбыл облысының полиция департаменті, ҰҚК және ТЖД қызметкерлері арнайы жедел әрекет ету жасағының, жедел-тергеу тобының және кинологтардың қатысуымен сауда орталығы ғимаратын тексеру шараларын шұғыл ұйымдастырды. Жамбыл облыстық полиция департаменті терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады. Бұл әрекет ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес жазаланады", – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары