Алматы әуежайында із-түзсіз жоғалып кеткен әйел табылды

10 ақпанда Алматы қаласы әуежайындағы полиция хабар-ошарсыз кеткен Людмила Рубанды тапты.

Алматы әуежайында із-түзсіз жоғалып кеткен әйел табылды
Polisia.kz
409

Алматы әуежайында хабар-ошарсыз кеткен әйел табылды. Полицейлер мән-жайды айтты.

10 ақпанда Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен Людмила Рубанды тапты.

«Әуежайды патрульдеу барысында тәртіп сақшылары Түрксіб аудандық полиция басқармасынан келіп түскен бағдарға сәйкес келетін әйелді байқап, оның жеке басын тексерді. Нәтижесінде оның бір күн бұрын үйінен шығып, қайта оралмаған 67 жастағы зейнеткер екені расталды», - деп жазылған хабарламада.

Жеке басын анықтағаннан кейін Людмила Рубан оқиғаның мән-жайын одан әрі тексеру және көмек көрсету үшін іздестіру бастамашысына берілген.

Полиция азаматтарды жақындары жоғалған жағдайда уақытылы хабар беруге шақырады.

Серіктес жаңалықтары