Конькимен жүгіруден қысқы Азиада жүлдегерлері елге оралды

Конькимен жүгіруден Харбин төрінде 14 жүлде сарапқа салынып, Қазақстан құрамасы 1 күміс және 1 қоланы иеленді.

Конькимен жүгіруден қысқы Азиада  жүлдегерлері елге оралды
Сурет: Спорт және туризм министрлігі
155

Бүгін Астана халықаралық әуежайына Харбинде өткен Азия ойындарының алғашқы бөлігі оралды, деп хабарлады turkystan.kz.

Олардың арасында конькимен жүгіруден командалық спринт жарысынан қола жүлдегерлер Надежда Морозова мен Дарья Важенина бар.

«Әлем кубоктарына қатысып жүрмін ғой. Бірақ қысқы Азия ойындарының ауқымы, ұйымдастырылу деңгейі мүлдем басқаша екен. Қолымыздан келгенше, жүлдеге таласып бақтық. Командалық сайысқа жоспар түзіп едік. Нәтижесінде үшінші орынға тұрақтадық. Қарсыластарымыз да осал емес. Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин-сун мен Қытай спортшысы Хан Мей өткен жылы ғана әлем чемпионатында күміс медаль олжалаған еді», - деді Дарья Важенина.

Конькимен жүгіруден Харбин төрінде 14 жүлде сарапқа салынып, Қазақстан құрамасы 1 күміс және 1 қоланы иеленді. Қос жүлденің де ерекше маңызы бар. Себебі, Евгений Кошкин күміс жүлде алған 100 метр қашықтық пен әйелдердің командалық жарысында бұған дейін мүлдем жүлде бұйырмаған еді.

Серіктес жаңалықтары