Ақтөбеде ер адам қарсыласын басынан таяқпен ұрып өлтірген

/
Ақтөбеде ер адам қарсыласын басынан таяқпен ұрып өлтірген
istockphoto.com
Сот оған үкім шығарды.

Ақтөбе облысының соты Байғанин ауданындағы ер адамның өліміне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қылмыстық іс Байғанин аудандық сотында қаралған.

«Сотталушы А 2024 жылдың тамызында жәбірленуші Ш-мен жеке себептеріне байланысты жанжалдасып, қасақана зақым келтіру мақсатымен басынан таяқпен ұрған. Нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына ауыр зақым келген. Жәбірленуші біраз уақыттан кейін Темір аудандық ауруханасында көз жұмған», - делінген сот хабарламасында.

Сотталушы сотта кінәсін ішінара мойындады. Оның кінәсі толықтай дәлелденіп, сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары