Мәжіліс кулуарында депутат Абзал Құспан жұмыс тобының бұл норманы мақұлдағанын, енді заң жобасы палатаның екінші оқылымына енгізілетінін хабарлады, деп жазады turkystan.kz.
«Заң жобасына Қылмыстық кодексті оңтайландыру жөніндегі норма енгізілді. Сталкинг – арнайы бап. Ол үшін салынатын айыппұл мөлшері туралы айту әзірге қиын. Қылмыстық кодекске жаңа нормаларды абайлап енгізу керек. Құқық, тергеу, сот тәжірибесіне қарау керек. Зерттеу, саралау нәтижесінде санкцияны қатаңдату жағын қарастыруға болады», - дейді депутат.
Заң жобасы қабылданған жағдайда Қазақстан сталкинг қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қарастырылатын елдердің қатарына кіретін болады.
Айта кетейік, бұған дейін белгілі журналист Дана Нұржігіт өзіне бұрынғы жұбайы сталкинг жасағанын айтқан еді.