Ақтаудағы бапкер қыздың өлімі: Марқұмның атына рәсімделген несие не болады?

Бес жігіт базарға барып, таныстары арқылы 2 млн теңге несиені ақшаға айналдырып алған.

Ақтаудағы бапкер қыздың өлімі: Марқұмның атына рәсімделген несие не болады?
istockphoto.com
Автор
Админ
180

Алина Серікқызы Ақтаудағы фитнес залдардың бірінде жаттықтырушы болып жұмыс істеген, деп жазады turkystan.kz.

Өткен жылдың мамыр айында бес жігіт Алинаны жұмыстан қайтып келе жатқан кезінде күштеп көлікке отырғызып, алып кеткен. Түні бойы қаланы аралап, қызды ұрып-соғып, зорлап, таңертең 2 млн теңге несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Несие алса ғана жібереміз деп қорқытқан. Алина тауар түрінде 2 млн теңгеге несие алуға мәжбүр болған. Содан кейін бес жігіт қызды қоя берген. Бірнеше күннен кейін бойжеткен биік үйдің терезесінен секіріп, көз жұмды.

«Бес жігіт базарға барып, таныстары арқылы 2 млн теңге несиені ақшаға айналдырып алған. Қарындасым қайтыс болғаннан кейін банкке барып, үстемақы қосылмас үшін қайтыс болғаны туралы анықтаманы алып бардым. Сот белгілеген материалдық және моральдық өтемақыны алғаннан кейін қарындасымның шотын ашып, несиесін жабамын», - дейді марқұм Алинаның ағасы Бауыржан Жолжан.

Серіктес жаңалықтары