Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады

Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды
olympic.kz
348

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының спортшысы Алина Дауранова Италияның Коллальбо қаласында өткен конькимен жүгіруден Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Дауранова 1000 метр қашықтықта қарсыластарынан озып, алтын медаль иеленді. Күміс жүлдені италиялық Мэйбрит Вигль, ал қоланы норвегиялық Инна Накен еншіледі.

Тағы бір қазақстандық спортшы Арина Ильященко қола жүлдеден сәл ғана қалып, төртінші орын алса, Алёна Лифатова бесінші нәтижемен жарысты аяқтады.

Серіктес жаңалықтары