328
Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртас келін әкелерде қалай қиналғанын айтты
Белгілі продюсер той кезінде татуаждан тауқымет тартқан.
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова баласы үйленер кезде қасына татуаж жасатып, қалай өзгерткенін айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz порталы POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.
Шоу-бизнес жұлдызы, алғаш рет ене атанайын деп жатқанда жасарғысы келгенін мойындады.
“Осыдан 18 жыл бұрын ене болайын деп жатырмын деп татуаж жасатып едім. Алғаш рет келін алған кезім. Қызық көрінген шығар?! Көзім мен қасымды өзгертіп алып едім. Татуаж хит заманда жасатып алып, орны көгеріп қалып, қиналып жүргеніміз рас. Дұрыс істемегесін көгеріп кететін. Қытайдың өнімі болғасын сондай болды ма, білмедім. Бірақ бәрі қызық үшін істелген еді. Ене боламын, құда-құдағайымды сұлу болып қарсы аламын деп ойлағаным есімде”, – деді продюсер.