Мас келіншек Ақтау – Баку рейсінен түсірілді

Оның ісі сотқа жолданды.

Мас келіншек Ақтау – Баку рейсінен түсірілді
polisia.kz
Автор
Админ
266

Оқиға Ақтау қаласының әуежайында ұшу алдындағы тексерістен өткізу кезінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz

49 жастағы қала тұрғыны масаң күйде келіп, әуежайдың тексеру қызметінің инспекторына балағат сөздер айтып, ескертулерге құлақ аспаған.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны ұстап, оған қатысты алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салып, әкімшілік хаттама толтырды.

Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Жыл басынан бері көлік полицейлері 53-ке жуық ұсақ бұзақылық фактілерінің жолын кескен. Бұл деректердің барлығында құқықбұзушылар заңға немқұрайлы қарап, қоғамдық тәртіп пен басқа азаматтардың тыныштығын бұзған. Түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе рейстерінен 54 жолаушы түсірілген.

 

 

Серіктес жаңалықтары