Таразда әкімнің қабылдауынан шыққан тұрғын өзін өртеп жібермек болған

Әкіммен кездесуге келген тұрғын пәтер кезегінің жылжымай жатқанына шағымданған

Таразда әкімнің қабылдауынан шыққан тұрғын өзін өртеп жібермек болған
264

Тараз қаласының тұрғыны қала әкімінің есеп беру жиынынан кейін өзін өртемек болған. Оқиға 53-мектеп-гимназияның алдында болған, деп хабарлады Информбюро бағдарламасы. 

Әкіммен кездесуге келген тұрғын пәтер кезегінің жылжымай жатқанына шағымданған. Алайда әкімнің жауабына қанағаттанбаған азамат осындай шарасыз қадамға барған.

Жергілікті билік мәліметінше, өзін өртемек болған адам – жалғызбасты әке. Болжам бойынша, бұл әрекетке оны баспанасының жоқтығы себеп болуы мүмкін. Оқиға орнына дер кезінде жеткен құтқарушылар оның өмірін аман алып қалды. Азамат жеңіл жарақат алған. Сонымен қатар оның психикалық диспансерде есепте тұрғаны белгілі болды. 

Серіктес жаңалықтары