«Орысша неге түсінбейсіз?»: Альбина Девивые басынан өткен жағдайлар туралы айтты
Оның балалары орыс тілін меңгермеген
Қарағанды облысында мал шаруашылығымен айналысып, қазақтың салт-дәстүрін ұстанатын Девивые әулеті тұрады. Олар Azattyq Rýhy-ның YouTube-каналына берген сұхбатында тыныс-тіршілігі мен қазақ тіліне деген махаббаты жайлы айтып берді.
«Есімім- Виталий. Ұлтым – татар. Бұл қыстақты біз жалға аламыз. Алты бойы осында мал бағып, кейін ауылға қайтамыз. Қыстаққа балалар ауысып келіп тұрады. Отбасы мүшелері тек қазақша сөйлейді. Менің анам неміс, өгей әкем қазақ болды. Сондықтан қазақтың тәрбиесін алдым. Кілең қазақи ортада болған соң да қазақшаны жақсы білеміз. Өзім білімді орыс тілінде болдым. Әйелім болса қазақ тілінде білім алды. Оның нәтижесінде балалар да қазақша сөйледі. Балаларым орысша білмейді», – дейді Виталий Девивые.
Айта кетсек, Виталийдің Альбина және Карнелия дейтін екі қызы да қазақшаға судай. Альбина Девивые орыс тілін білмегені үшін әсіресе автобуста, таксиде жүргенде қиналатынын айтты.
«Қазір автобуста, таксиде жүрсек те, әсіресе жол ақысын төлеу үшін нөмір сұрағанда қиналамыз. Такси шақырғанда жүргізушілер – бірыңғай орыс кісілер. Олардан сұрауға ұялып, тымсырып тұрып аламыз. Содан телефонымызды береміз, олар түрімізге қарап «вы же русская, почему не понимаете» дейді. Осыдан кейін амалсыз жағдайымызды айтамыз. Ол кісі еріксіз күледі. Бір жағынан бізге де ұят болып қалатын сияқты», – дейді Альбина Девивые.