196
13 келі марихуананы заңсыз сақтаған қазақстандық Ресейде ұсталды
Аталған тұлға 2023 жылдың қыркүйегінде Жамбыл облысының аумағында 13 кг кептірілмеген марихуананы заңсыз сақтап, тасымалдағаны анықталды.

Бас прокуратура аса ірі көлемдегі есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.
Аталған тұлға 2023 жылдың қыркүйегінде Жамбыл облысының аумағында 13 кг кептірілмеген марихуананы заңсыз сақтап, тасымалдағаны анықталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынуына байланысты халықаралық іздеуге жарияланды.
2024 жылдың тамыз айында ол Ресей Федерациясы Киров облысының аумағында ұсталып, кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалуда.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.