287
Алматылық автобус жүргізушісі Президенттің марапатын алды
Марапатты қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин табыс етіп, Қанат Ахметов 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған жылы осындай марапатқа ие болған алғашқы еңбек адам екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының қоғамдық көлік жүргізушісі Қанат Ахметовты әлеуметтік және қоғамдық белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі үшін «Шапағат» медалімен марапаттады.
Марапатты қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин табыс етіп, Қанат Ахметов 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған жылы осындай марапатқа ие болған алғашқы еңбек адам екенін атап өтті.
Төрт бала тәрбиелеп отырған Қанат Ахметов «Алматыэлектротранс» кәсіпорнында №66 маршрутта жүргізуші болып жұмыс істейді.
Ол әлеуметтік желілерде мүгедек арбасындағы жолаушыға көмек көрсетіп, автобусқа көтеру құрылғысы арқылы кіргізгені үшін танылды.